Байланыс ақпарат: Тел/Факс.: 8 (71435)-2-50-70, 8 (71435)-4-90-52 Email: til2012@list.ru
Мұрағат жаналықтар (бірінші бет)
Оқытушылар арасында тәжірибе алмасу семинары
«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ мемлекеттік тіл оқытушылар арасында а.ж. қазан айының 28 күні, сағат 15.00-де тәжірибе-алмасу семинары өтті. Іс- шараны модератор ретінде Сандугаш Меербековна Губайдулина жүргізіп, семинардың жұмыс жоспарымен таныстырды. Құттықтау сөзі «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Жанылдык Алтаевна Альмухамедоваға берілді. Жанылдык Алтаевна ұйымдастырушылар мен қатысушыларға рақмет айтып, шығармашылық табыс тіледі. Іс-шараға қатысқан қазақ және ағылшын тілі оқытушылары тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинарға белсенді ат салысты. Қазақ тілін оқыту курсының оқытушысы Ажаркуль Заркумовна Уразбаева коучинг әдісі арқылы тіл дамыту тақырыбын кеңінен талқыға салды. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем және сөйлемнен мәтін құрастыру жолдарының тиімділігі бойынша қатысушылармен пікірталас жүргізілді. Мәтіннің логикалық байланысының маңызды екенін тыңдаушыларға қандай жолдар арқылы жеткізуге болатынын семинарға қатысып отырған оқытушылармен бірге бөлісті. Сонымен қатар, қазақ тілін оқыту курсының оқытушысы Зинаш Сергазыевна Рыспаева интерактивті тақта арқылы тыңдаушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және тілдік қорын молайту мақсатында жасалған «Уақыт» тақырыбына жоспарланған бір сабақ үлгісін ұсынды. Сабақтың әр кезеңіне түсініктеме беріліп, мақсаты түсіндірілді, сабақтың нәтижеге бағытталып жоспарланғандығы туралы айтылды. Оқытушылар ұйымдастырылған семинардан тәжірибе алмасу арқылы өздерінің кәсіптік деңгейлерін көтеруге мүмкіндік алды.
Әдістемелік отырыс.
2017 жылдың 20 ақпаны жаңа оқу жылының басталуына орай өткізілген әдістемелік отырыс орталық оқытушыларының басын қосты. Алдын ала бекітілген күн тәртібі толығымен қарастырылды, ұсыныстар қабылданып, шешім шығарылды. Өткен оқу жылында ағылшын және мемлекеттік тілдерін оқыту барысында қолданылған әдіс- тәсілдер терең әрі жан- жақты талданды және алдағы уақытта сабақ жоспарлау барысында неге көп көңіл бөлу қажеттігі, нәтижеге бағытталған тәсілдер ортаға салынды. 20 февраля 2017 года прошло методическое совещание с преподавателями центра обучения языкам, в связи с началом нового учебного года. Предварительно утвержденная повестка дня была рассмотрена полностью, приняты предложения и вынесено решение. Глубоко и всесторонне проанализированы использованные методы государственного и английского языка прошлого учебного года, обсудили методы ориентированного на результат, на что уделять больше времени в ходе занятий данного учебного года.
Бізге 5 жыл.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 1 наурыз күні «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің тіл саясатын насихаттау мақсатында ұйымдастырған 5 жылдық мерейтойы атап өтілді. Мерекеге «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ-нің басшысы Ж.Ж.Үмбетов, Жітіқара ауданының әкімі А.С.Ыбраев, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары А.К.Досмұхамедов, Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.З.Сүлейменова, Жітіқара ауданы әкімдігінің мәслихат хатшысы А.Қ.Кабиев, «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы Ж.А. Әлмұхамедова және Қостанай облысы бойынша Тілдерді оқыту орталықтарының директорлары қатысты. Осы іс-шараны «Тілдерді оқыту орталығы» КММ- нің директоры Губайдулина Сандуғаш Меербекқызы орталықтың 5 жыл аралығында атқарылған жұмысы туралы баяндамамен бастады. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аудандық байқауының жеңімпазы Әбдуалиев Темірлан өзінің «Ана тілі» өлеңімен жалғастырды. Мерейтойдың қонағы Жітіқара ауданының әкімі Ыбраев Абай Сәрсембайұлы құттықтау сөз айтып, тіл саясатын іске асырудағы еңбегі, ауданымыздағы мемлекеттік тіл мәселесіне қосқан үлесі үшін «Тілдерді оқыту орталығы» ММ-нің әдіскері Рыспаева Зинаш Серғазықызы, бағдарламашысы Байдалин Амангелді Болатұлы, оқытушысы Әлмұрзина Гүлсара Сейтжанқызын алғыс хатпен марапаттады. Өзге ұлт өкілдері арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты аудандық байқауының қатысушысы Светлана Бондаренко көрермендерге мемлекеттік тілдегі өлеңін сыйға тартты. Іс-шараның қадірлі қонағы «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ басшысы Жанболат Жұмабайұлы Үмбетов құттықтау сөз айтып, Тілдерді оқыту орталығының 5 жыл ішіндегі жұмысы туралы ақпарат беріп, облыс бойынша белсенді және нәтижелі жұмыс жасайтын орталықтардың қатарында екенін айтып өтті. Өз сөзін қорытындылай келе, ауданымыздың тіл жанашырлары Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Алмат Кәкімжанұлы Досмұхамедовты, «Арман плюс» ЖШС директоры Қанат Сәрсембайұлы Ыбраевты, «Журналист» ЖШС редакторы Мұрат Қанапияұлы Каибжановты мемлекеттік тіл саясатының дамуына қосқан зор еңбегі үшін алғыс хатпен марапаттады. Әсел Байбакирова ағылшын тілінде әсем әнін орындағаннан кейін, «Тіл- халықтың жүрегі» атты аудандық бейнеролик конкурсының жеңімпазы С.А.Марамзиннің «Елім, тілім, жерім» тақырыбындағы бейнеролигі ұсынылды. Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы «Бала тілі- бал» аудандық сайысының жеңімпазы «Балапан» балабақшасының бүлдіршіндері сахнада өз өнерлерін көрсетті. Талантты бүлдіршіндерге демеушілік көрсеткен ауданымыздың жеке кәсіпкерлері Таңатаров Әлібек Абайұлы және Әлімбаев Шоқан Лиясұлының атынан мемлекеттік тілде көрсетілетін балалар фильміне билет табысталды. Тілдер күніне арналған «Бір шаңырақ астында.....» ұлттық мәдени орталықтар арасындағы аудандық дөңгелек үстелінің қонағы Ахметов отбасы қазақтың айтыс өнері арқылы мемлекеттік тілге деген құрметтерін көрсетті. Көңілді көріністен кейін, Облыстық Оралхан Бөкей оқулары байқауында 3-орынға ие болған Елшібаев Алмат қазақтың қара домбырасымен әсем ән орындады. «Тілдерді оқыту орталығы» ММ-нің атынан әдіскер З.С.Рыспаева сөз сөйледі. «Өнегелі отбасы-2015» аудандық отбасылық сайысының жеңімпазы Хазез отбасының ұлы - Ернардың «Жаса, жаса, қазақ тілім!» әнін орындауымен шара аяқталды.
Нам 5 лет. 1 марта текущего года КГУ «Центр обучения языкам» ГУ «Отдел культуры и развития языков акимата Житикаринского района» в рамках «Государственной программы развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011–2020 годы» с целью пропаганды языковой политики отметили свой пятилетний юбилей. В праздновании юбилея приняли участие руководитель ГУ «Управление по развитию языков акимата Костанайской области» Умбетов Ж.Ж., аким Житикаринского района Ибраев А.С., заместитель акима Житикаринского района Досмухамедов А.К., руководитель Отдела развития языков ГУ «Управление по развитию языков акимата Костанайской области» Сулейменова Б.З., секретарь районного маслихата Кабиев А.К., руководитель ГУ «Отдел культуры и развития языков акимата Житикаринского района» Альмухамедова Ж.А., директора Центров обучения языкам по Костанайской области. Данное мероприятие открыла директор КГУ «Центр обучения языкам» Губайдулина С.М., выступившая с докладом о работе центра за прошедшие 5 лет. После выступления присутствующие тепло встретили победителя номинации «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» районного конкурса «Абай оқулары» Абдуалиева Темирлана с авторским стихотворением «Ана тілі». Гость праздничной встречи аким Житикаринского района Ибраев А.С. поздравил сотрудников Центра обучения языкам с юбилеем и наградил благодарственными письмами методиста Рыспаеву Зинаш Сергазыевну, программиста Байдалина Амангельды Булатовича и преподавателя Альмурзину Гульсару Сейтжановну «За вклад в развитие пропаганды языковой политики Житикаринского района». Участница районного конкурса «Қазақшаңыз қалай?» Светлана Бондаренко исполнила песню на казахском языке, которая поразила всех присутствующих прекрасным пением. Руководитель ГУ «Управления по развития языков акимата Костанайской области» Умбетов Ж.Ж. отметил в своем выступлении, что Центр обучения языкам Житикаринского района по праву считается одним из лучших центров в области, и в завершении своего выступления наградил благодарственными письмами «За вклад в развитие пропаганды языковой политики Житикаринского района»: заместителя акима Житикаринского района А.К Досмухамедова, директора ТОО «Арман Плюс» К.С. Ибраева, редактора ТОО «Журналист»М.К. Каибжанова. Для всех присутствующих Асель Байбакирова исполнила песню на английском языке. Затем была представлена работа С.А. Марамзина - победителя районного конкурса видеороликов «Тіл-халықтың жүрегі», под названием «Елім, тілім, жерім». Бурными апплодисментами встречали победителей районного конкурса «Бала тілі-бал» воспитанников детского сада «Балапан» с оригинальным выступлением. Детям были вручены билеты в кинотеатр на детский фильм на государственном языке, который предоставлен спонсорами - Танатаровым Алибек Абаевичем и Алимбаевым Шоканом Лиясовичем. С восхищением зрители приняли выступление семьи Ахметовых, участников районного круглого стола «Под единым шаныраком..», посвященного Дню недели языков. Продолжил мероприятие обладатель 3 места областного конкурса «Оралхан Бөкей оқулары» - Алмат Елшибаев исполнил песню на домбре. От лица работников Центра обучения языкам со словами благодарности за поддержку и понимание выступила методист З.С.Рыспаева. Завершил мероприятие песней «Жаса, жаса, қазақ тілім!» Хазез Ернар, сын семьи-победителей районного, семейного конкурса «Өнегелі отбасы-2015».
"Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте"
13 сәуір күні «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту мақсатында мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауын өткізді. 3 кезеңнен құралған байқауға 11 құрама топ қатысты. Аталмыш байқауға Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік қызметкерлерінен жасақталған «Тұлпар» құрама топ командасы бақ сынасты. 5 адамнан жасақталған «Тұлпар» құрама тобының капитаны- «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің мемлекеттік тілдегі құжаттардың редакторы-бас маманы Г.С.Найзатаева, топ мүшелері: «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы - Ж.А.Әлмұхамедова, «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы -Ә.Е.Тұрсынова, Жітіқара қаласы және ауданы ішкі істер бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі, полиция капитаны - Ұ.А.Ихсанова және Қостанай облысы, Жітіқара аудандық прокуратурасының прокуроры А.М.Нұрғалиев. Қазылар алқасының бағалауы бойынша қабілеті мен шеберлігімен ерекше көзге түскен Жітіқара ауданы атынан жасақталған «Тұлпар» құрама командасы жүлделі ІІ орынды олжалады. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен бағалы сыйлық тапсырылды.
«Государственный язык в государственном учреждений» С целью развития государственного языка и расширения сферы его применения 12 апреля ГУ «Управление по развитию языков акимата Костанайской области» провел областной конкурс среди государственных служащих «Государственный язык в государственном учреждений». В конкурсе состоящем из 3-х этапов, приняли участие 11 команд. В данном конкурсе соревновались сборная команда Житикаринского района «Тулпар», состоящая из 5 человек. Капитан команды Г.С. Найзатаева – главный специалист, редактор отдела документационного обеспечения ГУ «Аппарат акима Житикаринского района», члены команды: Ж.А.Альмухамедова – руководитель ГУ «Отдел культуры и развития языков акимата Житикаринского района», А.Е.Турсунова – главный специалист ГУ «Отдел культуры и развития языков акимата Житикаринского района», У.А.Ихсанова – следователь следственного отделения ОВД г.Житикары Житикаринского района, капитан полиции, А.М.Нургалиев – прокурор Житикаринской районной прокуратуры. По результатам оценивания жюри за творчество и оригинальность ІІ почетное место было присуждено команде «Тулпар» Житикаринского района. Победителям были вручены диплом и ценный подарок.
«Озық тәжірибе – ортақ қазына» атты облыстық көпшпелі семинары
Қостанай облысы әкімінің орынбасары М.Қ.Жүндібаевтың төрағалығымен 2017 жылдың 15 наурызда өткен алқа отырысында берілген тапсырманы пысықтау мақсатында 2017 жылдың 7 маусым күні «Қарабалық ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ базасында ұйымдастырылған «Озық тәжірибе – ортақ қазына» атты облыстық көпшпелі семинары «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ басшысы Г.Е. Мендекинова, Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары М. Т. Омаров және аудандық тілдерді оқыту орталық директорларының қатысуымен өткізілді. Семинардың практикалық бөлімі Қарабалық ауданы, «Наука» ауылында ұйымдастырылған қазақ тілі мен ағылшын тілі курстарының жұмысымен танысудан басталды. Теориялық бөлімі «Қарабалық ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ директорының м.а. А.М. Ержанованың «Қарабалық ауданындағы тілдерді оқыту орталығының тынысы мен жұмысы тәжірибесі» атты тақырыбындағы баяндамасымен басталды. Сонымен қатар Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту бағдарламасы және оның тиімділігі туралы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысының м.а Г. М.Талапова, «Қостанай ауданы әкімдігінің аудандық тілдерді оқыту орталығы» КММ директорының м.а. Т.Ә. Айтмағамбетова және «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры С.М. Губайдулина «Аудандағы ауылдық округтерде ұйымдастырылған оқыту курстары» туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар талқылау, пікір алмасумен аяқталды.
Выездной областной семинар на тему «Озық тәжірибе – ортақ қазына» 7 июня 2017 года на базе КГУ «Центр обучения языкам акимата Карабалыкского района» прошел выездной областной семинар на тему «Озық тәжірибе – ортақ қазына» с участием Мендекиновой Г.Е. – руководитель ГУ «Управления по развитию языков акимата Костанайской области», Омарова М.Т. – заместитель акима Карабалыкского района и директоров центров обучения языков в целях исполнения поручений заместителя акима Костанайской области М.К.Жундубаева, данных на коллегии по итогам работы Управления по развитию языков акимата Костанайской области от 15 марта 2017 года. Практическая часть семинара началась с ознакомлением работы о курсах казахского и английского языков в селе «Наука» Карабалыкского района. В теоретической части с опытом работы поделились: и.о. директора КГУ «Центр обучения языкам акимата Карабалыкского района» А.М. Ержанова о направлениях работы Центра обучения языкам Карабалыкского района, и.о. директора областного центра обучения языкам «Тілдарын» Г.М.Талапова на тему «Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту бағдарламасы және оның тиімділігі туралы», а также и.о директора центра обучения языкам Костанайского района Т.А Айтмагамбетова и директор центра обучения языкам Житикаринского района С.М. Губайдулина на тему «Аудандағы ауылдық округтерде ұйымдастырылған оқыту курстары». Семинар завершился обсуждением и обменами мнения.
«Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары» атты республикалық онлайн семинар
2017 жылдың 9 маусым күні Жамбыл облысы Тілдерді дамыту басқармасының Мемлекеттік тілді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары» атты республикалық онлайн семинар өткізілді. Семинар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық- саяси жұмыс комитеті Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру- әдістемелік орталығының директоры Ербол Ердембекұлы Тілешовтың Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру және тіл үйретудің мазмұны тақырыбындағы баяндамасымен басталды. ҚР білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін жетілдіру басқармасының басшысы Айдос Тұрсынбайұлы Әбдіхалықов Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау: жай- күйі, даму бағыттары жайлы ой қозғады. ҚАЗТЕСТ сарапшысы, Тест тапсырмаларын қалыптастыру ғылыми- әдістемелік зертханасының меңгерушісі Мира Ғазизқызы Садуақасова, қазақ тілі оқытушылары мен әдіскерлерінің біліктілік деңгейлерін анықтаудың отандық емтихан түрі, енгізу жолдары туралы ақпарат берді. ҚАЗТЕСТ сарапшысы, Тест тапсырмаларын қалыптастыру ғылыми-әдістемелік зертханасының жетекші сарапшысы Адасай Смайылқызы Бердіқұлованың «Қазақ тілі» оқулықтарының В1, В2 деңгейлеріне арналған нұсқаларының жаңа басылымы туралы ақпараты тыңдалды. Сонымен қатар, қазақ тілі екінші тіл ретінде оқыту әдістемесіне сәйкес Жамбыл облысы, Тілдерді оқыту орталығы В1-орта деңгейге арналған «Тұлғалар», Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы А2-базалық деңгейге арналған «Менің елім», Қызылорда облысы, Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы В2 ортадан жоғары деңгейге арналған «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» тақырыптарында шеберлік сабақтар көрсетті. Семинардың пікір алмасу бөлігінде «Қазақ сөзі - 1200, 1500 сөз», оқу- әдістемелік құралдарына, «Қазақ тілі» оқулықтарының В1, В2 деңгейлеріне арналған нұсқаларының жаңа басылымына ұсыныстар қабылданды. Кездесу хаттамалық шешіммен қорытындыланды.
Онлайн-семинар по теме «Пути совершенствования и стандартизации методологии обучения государственному языку» 9 июня 2017 года прошел онлайн-семинар по теме «Пути совершенствования и стандартизации методологии обучения государственному языку», организованный Центром обучения государственному языку Управления развития языков Жамбылской области. Семинар начался с доклада директора Республиканского координационно-методического центра развития языков имени Ш.Шаяхметова Комитета по языкам Министерства культуры Республики Казахстан – Тлешова Ербола Ердембековича. В своем докладе остановился на совершенствовании методологии обучения государственного языка и на содержании изучения. Продолжил выступление Абдыхалыков Айдос Турсынбаевич, руководитель Управления по развитию государственного языка Национального центра тестирования. Также А. Абдыхалыков затронул вопросы о совершенствовании и стандартизациии методологии обучения государственному языку: о состоянии и направлениях развития. Заведующая научно-методической лаборатории по формированию тестовых заданий Садуакасова Мира Газизовна рассказала о внедрении экзаменов по определению уровня квалификаций методистов и педагогов. Ведущий эксперт научно-методической лаборатории по формированию тестовых заданий Бердикулова Адасай Смаиловна представила новые варианты издания учебника «Қазақ тілі» уровня В1, В2. Кроме того, преподавателями Центра обучения языкам Жамбылской, Акмолинской и Кызылординской областей были представлены открытые уроки со слушателями базового уровня А2, среднего уровня В1, выше среднего уровня В2, по теме «Тұлғалар», «Менің елім», «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл». В заключительной части был обмен мнениями с участниками семинара, а также были приняты предложения по новому варианту издания учебника «Қазақ тілі» уровня В1- В2, учебно –методического пособия «Қазақ сөзі – 1200, 1500 сөз». Встреча была завершена решением протокола Аудандық отбасылық «Өнегелі отбасы» сайысы2017 жылдың 15 қыркүйегінде «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-мен Отбасы күніне орай, жылсайынғы аудандық отбасылық «Өнегелі отбасы» сайысы өткізілді. «Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ басшысының орынбасары Алмаз Тұрсынбайұлы Мендаулетов пен Тілдерді оқыту орталығының директоры Губайдулина Сандуғаш Меербекқызы байқау қатысушыларына сәттілік тілеп, мерекемен құттықтады. 5 кезеңнен тұратын сайысқа 9 отбасы қатысты. Қазылар алқасы қатысушылардың шеберлігіне, жеңіске жету талабына және тапсырмаларды орындауда отбасының ауызбіршілігіне баса назар аударды. Байқау қорытындысы бойынша Ахметов отбасы Бас жүлдеге лайық деп танылды, І орынға - Дусмухаметов отбасы, ІІ орынға Таджибаев отбасы ие болды. ІІІ орынды Ахмагамбетов пен Назипов отбасылары өзара бөлісіп алды. Жүлделі орындарға ие болған отбасыларға диплом, қалған отбасыларға алғыс хаттармен және ақшалай сыйақы табысталды.
Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы
Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Ақтөбе қаласында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өткізілді. Байқауға Қазақстанның әр облыстың 15 жеңімпаздары келіп қатысты. Байқау Ережесі бойынша Қазақстан ақын-жазушыларының проза мен поэзия шығармашылығының үзіндісін мәнерлеп жатқа оқуы талап етілді. Республикалық байқауға Қостанай облысы атынан, Жітіқара қаласының Мәдениет сарайының әдіскері Ділдә Хайрат қатысып, 1 орын жүлдегері болып атанып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қ. Асыловтың дипломымен және 200 000 теңге сертификатына ие болды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында мемлекеттік және орыс тілдерінде ұйымдастырылған аудандық «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» байқауы
31 қазан күні Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында мемлекеттік және орыс тілдерінде ұйымдастырылған аудандық «Екі жұлдыз» байқауы өткізілді. 3 кезеңнен құралған байқауға 6 үміткер қатысты. Байқау барлық талапқа сай өтті. Әділқазылар ұйғарымы бойынша «Жітіқаракоммунэнерго» МКҚК қызметкері Самсонова Ида 1 орынға ие болды. 2 орынды «Жітіқаракоммунэнерго» МКҚК қызметкері Санникова Екатерина және 3 орынды «Жітіқаракоммунэнерго» МКҚК қызметкері Скорнякова Галина жеңіп алды. Жеңімпаздар, қатысушылар алғыс хаттармен және алған орнына сәйкес ақшалай сыйақымен марапатталды.
"Туған жерге сағыныш" байқауы 28 қараша күні «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «УК – 161/3 мекемесі» РММ сотталғандар арасында «Туған жерге сағыныш» атты байқауын өткізді. Байқау 3 кезең бойынша өтіп, қатысушылар саны 10 адамды құрады. Байқау талабы бойынша үміткерлер өздері шығарған өлеңін оқып, алдын ала дайындаған мүсіндеу немесе салған суретін қорғауы, ән айтуы керек болатын. Барлық кезеңде өзін жақсы көрсетіп, алдыңғы қатардан көрінген Алексеев Николай Владимирович дипломмен марапатталып арнайы сыйлыққа ие болса, қалған 9 қатысушыға алғыс хаттар мен арнайы тағайындалған сыйлықтар табысталды. *************** 28 ноября КГУ «Центр обучения языкам» ГУ «Отдел культуры и развития языков акимата Житикаринского района» среди осужденных УК – 161/3 провел конкурс «Туған жерге сағыныш» приуроченного к программе Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания», среди осужденных РГУ «Учреждение УК – 161/3» Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства Внутренних дел Республики Казахстан. Конкурс состоял из 3 этапов, в котором приняло участие 10 конкурсантов. Согласно требованиям конкурса участниками продемонстрированы искусство мастерства, художественного чтения, исполнения песен. По итогам конкурса победителем был признан Алексеев Николай Владимирович, награжденный дипломом и специальным призом. Остальным участникам были вручены благодарственные письма и специальные призы.
|
|